Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр қаржы саласы бойынша қанша лауазым иесінің жауапқа тартылғанын айтты

2021 жылдың 15 маусым 2021 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салада жауапқа тартылған лауазым иелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік аудит бойынша айтатын болсам, 2020 жылы 10,4 трлн теңгеге 1,4 млн-нан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Қорытындысы бойынша 983 млрд теңгеге ереже бұзушылықтар ескертілді. 251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 74 пайызы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу кезінде ереже бұзушылықтарға тиесілі», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 237 млрд теңгеге кемшіліктер жойылды.

«251 материал құқық қорғау органдарына жіберілді, ал ереже бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 349 лауазым иесі жауапқа тартылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін 1 950 ұсыным берілді», - деді министр.


Жоғары қарай