Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Министр оқулық сарапшылары қалай іріктелу керектігін айтты

2019 жылдың 8 тамыз 2019 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық авторлары мен сарапшылары арнайы курстан өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшіс.

«Жақсы мұғалімнің бәрі оқулық жаза алмайды. Оның өз заңдылықтары мен талаптары бар. Оқулық жазу мен монография жазу екі бөлек дүние. Осыны ескермегендіктен, біздің балаларға ұсынатын оқулықтарымыз монография сияқты болып кетіп жүр. Ондай оқулықты баланың түсінуі қиын. Сондықтан, оқулық авторларының өзін оқыту керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Әуелі оқулық сапасын сараптайтын мамандар оқытылатын болады. Сол үшін елдегі 1000 үздік мұғалім іріктеліп, арнайы курстан өтеді.

«Жыл сайын арнайы курстан өткен сарапшылардың ішінен үздіктері жасырын әдіс арқылы таңдап алынады. Осыдан кейін оқулық авторларын оқытамыз. Бізде авторлар көп емес, сонда да оқытамыз», - деді вдеомство басшысы.

Асхат Аймағамбетов оқулықты сараптау жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Сарапшылар оқулықты бағалау үшін бас қалаға екі рет келеді. Әр келгенде бір апта ғана уақыт беріледі. Оларға үлкен оқулық ұстатады. Елордада отырып, бір аптаның ішінде оны сараптап шығу мүмкін емес. Оқулықты толық сараптау үшін суреттерін, карталарды, кестелерді, есептер мен оның шешу жолдарын, жалпы мазмұны мен пунктуациясын тексеріп шығу керек. Осының бәрін бір аптада тындыру қаншалықты мүмкін? Мұндай жүйе бізге ұнамайды. Сарапшылар оқулық сынақтан өтпей тұрып макетімен танысуы керек. Ол үшін арнайы электронды платформа құрылады. Сол арқылы ақпарат алмасып, жүйелі негізде жұмыс істейтін боламыз», - деді министр.

Жоғары қарай