Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр үш жылда бизнес қанша қаржы үнемдей алатынын айтты

2020 жылдың 8 маусым 2020 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде шағын бизнесті қолдау шаралары туралй айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын бизнесті қолдауда маңызды қадам Мемлекет басшысының былтыр жариялаған бастамаларын жүзеге асыруға қатысты болды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы микро және шағын бизнестің табыстарын салықтан босату үшін заңнамалық база қабылданды», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Бұл арнайы салық режимін қолданатын бизнеске қатысты.

«Салықтан босату үш жылды қамтиды, яғни 2020, 2021 және 2022 жылы іске асырылады. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам микро, шағын кәсіпкерлік субъектісі үш жылда салық бойынша 382 млрд теңгені үнемдейді», - деді Р. Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 18 млрд доллар болғанын айтты.



Жоғары қарай