Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министрлік антиваксерлермен қалай жұмыс істеп жатыр

2021 жылдың 28 шілде 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство тарапынан антиваксерлермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың әртүрлі санаттары бар. Әлемде коронавирустың бар екенін мүлдем жоққа шығаратын азаматтар да бар. Денсаулығына басқалай зиян келетінінен қорқатын адамдар тобы бар. Әр топқа әртүрлі тәсіл қолдану керек. Біз түрлі жолдармен түсіндіріп жатырмыз. Қазір түрлі топтармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Әр санат анықталып, мамандарымыз солармен түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ведомство басшысы вакцинаға қарсы адамдардың дерекқорын жинау жоспарда жоқ екенін айтты.

«Біздің міндетіміз - халыққа түсіндіру. Антиваксерлердің қатары көп емес. Біз олармен жұмыс істейміз. Халықты вакцинаны қолдайтындар мен қолдамайтындар деп бөлу міндетін қойып отырған жоқпыз. Біздің міндетіміз – халықтың осы топтарымен жұмыс істеу ғана. Вакцинацияның қаншалықты пайдалы екенін және екпе алмаса не болатынын түсіндіру. Сондықтан біз кез келген адаммен жұмыс істейміз», - деді Алексей Цой.

Жоғары қарай