Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Министрлік: Былтыр сатып алынған трактор мен комбайнның 11 пайызынан утилизациялық алым алынған

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 15:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында агроөнеркәсіп кешеніндегі қауымдастықтар альянсы, салалық кәсіподақтар мен фермерлік одақ өкілдері жиын өткізіп, кәдеге жарату алымын жою мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль құрастыру, арнайы және ауылшаруашылық машинажасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов былтыр кәдеге жарату алымы қанша техникадан алынғаны туралы деректер келтірді.

«Қазіргі таңда кәдеге жарату алымы тек тракторлар мен комбайндардан алынады. Басқа ауыл шаруашылығы техникаларына кәдеге жарату алымы көзделмеген. Агроөнеркәсіп кешені тарапынан бірыңғай ортақ ұстаным дайындап, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жанындағы жұмыс тобының ертеңгі отырысында айтуды ұсынамын. Сіздердің ұстанымдарыңыз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен бөлек Экология министрлігі, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар естуі үшін солай істегеніміз дұрыс», - деген министрлік өкілі былтыр сатып алынған трактор мен комбайнның 11 пайызына ғана кәдеге жарату алымы төленгенін еске салды.

«Өз тарапымнан мынаны қосқым келеді. Алдын ала қорытынды бойынша 2021 жылы 5714 трактор, 1400-ден астам комбайн сатып салынған. Оның тек 11 пайызы ғана импорттық техника болған. Яғни, қалған 89 пайызы отандық өндіріс болғандықтан, Қазақстанның аумағында сатып алынған. Ал отандық өндірушілер өнім құнына кәдеге жарату алымын қоспайды. Бұған сіздерді сендіргім келеді. Сонда былтыр сатып алынған тракторлар мен комбайндардың тек 11 пайызына ғана иелері кәдеге жарату алымын төлеген», -деді Руслан Хисамутдинов.










































Жоғары қарай