Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Министрлік халықты тұрғылықты жеріне қарамай емдеуге міндетті - вице-премьер

2020 жылдың 5 шілде 2020 23:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын тұрғылықты жеріне қарамай емдеуге міндетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан азаматтарының барлығы тікелей ем алуға құқылы. Сондықтан ол Қарағандыдан, Маңғыстаудан немесе Ақтөбе облысынан келген деуге болмайды. Ол азаматтардың барлығы ауырған жағдайда тікелей осы жерде емделуге құқылы. Тіпті құқылы емес, оны қамтамасыз етуге Денсаулық сақтау министрлігі міндетті», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Айта кетейік, брифинг барысында БАҚ өкілдері «Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуі жоқ өзге өңірдің азаматтары ауырып қалса, медициналық көмекті қалай алады?» деп сұраған еді.

Жоғары қарай