Министрлік: Коронавирусқа шалдыққан 296 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18 желтоқсандағы статистика бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 19 821 адам (17 244 КВИ+ және 2 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 390 пациент стационарда, 16 431 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 296 адамның жағдайы ауыр,
- 72 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.