Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Министрлік маска тағу режимі қалай бақыланатынын түсіндірді

2020 жылдың 1 тамыз 2020 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу немесе тақпау режимін қалай бақыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналына сілтеме жасап.

Маска тақпағаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде жазылған.

«Жеке тұлғаларға (азаматтарға) карантиндік шараларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы дәлелдемелер жинауды (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде маскасыз жүру және т.б.) бақылау топтарының құрамында ішкі істер органдары және жергілікті полиция қызметі жүргізеді», - делінген хабарламада.

Одан кейін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беріледі

«Прокуратура органдары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантиндік шараларды орындау кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. 5 шілдеден бастап өз қызметін қайта бастаған меншіктің әртүрлі нысандарының қызметін, сондай-ақ жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын бақылау мақсатында өңірлерде полиция қызметтері, әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, волонтерлер кіретін 779 мониторингтік топ құрылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.


Жоғары қарай