Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министрлік сынып оқушыларын карантинге жіберу алгоритмін түсіндірді

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова сынып оқушыларын карантинге жіберу алгоритмін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептер мен сыныптарды карантинге жіберу қағидасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен бекітіледі. Ол ереже барша ел бойынша бірыңғай болады. Сыныптарға тоқталсақ, әрт сынып бір кабинетте отырады. Осы орайда балалар ұзақ уақыт бойы бір кабинетте отырғандықтан, оларға қатысты «жақын контакт» түсінігі беріледі», - деді А. Есмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол «жақын контакт» нені білдіретінін түсіндірді.

«Жақын контакт – ол сыныпта байланыста болған барша адамды білдіреді, яғни бір бала індет жұқтырса, онда сыныптағы оқушылардың барлығы 14 күнге карантинге кетеді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, мектептерді жабудың қадамдары да пысықталып жатыр.

«Бізде тұмау бойынша тиісті тәжірибе бар. Егер мектептің 20 пайызы оны жұқтырса, онда оқу орны карантинге шығады. Қазіргі кезде осы қадамдарды пайдалануға тырысып отырмыз. Сыныпта коронавирустың бір жағдайы тіркелсе, онда сыныптағы барлық бала карантинде болады», - деді ол.


Жоғары қарай