
Коронавирус: АҚШ жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде. ҚазАқпарат бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Түпқараған шығанағында құйынды жел порттағы 7 баржаны зәкірінен үзіп әкетті. Оқиғаға қатысты мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Америка коронавирустан қаза болғандарды 5 күн аза тұтады
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады. Коронавирустан қайтыс болғандарға құрмет білдіру мақсатын тұтқан шара 5 күнге жалғасады. Мұндай тапсырманы ел Президенті Джо Байден берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» агенттігіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергеннің есімі Марсқа жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 ақпанда Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін жеткізді. Олардың арасында Димаш Құдайбергеннің есімі де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Әзербайжан екі түрлі вакцинаны қолдануға әлемде алғашқы болып рұқсат берді
БАКУ. AZERTAG - ҚазАқпарат - Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында «Спутник V» және AstraZeneca вакциналарын аралас қолдану бойынша клиникалық сынақ өткізуге рұқсат берді. Клиникалық сынақтар ақпан айының соңына дейін басталады. Бұл туралы AZERTAG министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай