Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мобильді ХҚО Риддерде өрттен зардап шеккендердің құжатын рәсімдеуге көмектесуде

2021 жылдың 12 мамыр 2021 09:58

РИДДЕР. ҚазАқпарат - Мобильді ХҚО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласындағы өрттен зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде.

Атап айтқанда, мамандар тұрғындарға қажетті электрондық анықтама алуға, құжаттарды қалпына келтіруге өтініш қабылдауға қол ұшын беріп жатыр.

Қажет болған жағдайда, мемлекеттік корпорация қызметкерлері көші-қон қызметі басқармасымен және басқа да мемлекеттік органдармен жедел түрде өзара байланыс орнатады.

«Біздің облыс орталығындағы қызметкерлеріміз бірден эвакуациялау орталығына барып, оқиға болған орында халыққа кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады. Біз риддерліктерге құжаттарды жедел түрде алуға көмектесеміз. Жылжымайтын мүлікке, жеке басын куәландыратын барлық құжат тегін ресімделеді», – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Бүгінде зардап шеккендердің кейбір бөлігі құжат көшірмесін алды.

ХҚО мамандары риддерліктерге құжаттарды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты.

Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Полиция қызметкерлері өртке қатысы бар күдіктіні ұстады.


Жоғары қарай