Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Моцарт әуенімен өсірілген асқабақтың салмағы 410,3 келі тартты

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 09:27

ТАКАМАЦУ. Киодо-ҚазАқпарат –Эхимо префектурасының фермері Хироёси Уцуномияның салмағы 410,3 келі асқабағы жексенбіде өткен байқауда Жапонияда өсірілген ең үлкен асқабақ ретінде танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл 68 жастағы Уцуномияның екінші жеңісі. Бір қызығы, ол асқабақты Моцарт әуенінің көмегімен өсірген.

2018 жылы салмағы 412, 6 келілік асқабақты өсіріп, бірінші рет жеңіске жеткен шаруа оны Жапонияның дәстүрлі «энка» балладалары арқылы баптағанын айтқан еді.

Байқауға қатысқан тоғыз префектураның 51 қатысушысы арасынан екінші орынды елдің шығысындағы Тиба префектурасының тұрғыны Акира Нисикава еншіледі. Оның асқабағы 385 келі тартты, ал үшінші орын – орталық Жапонияның Мие префектурасының тұрғыны Тошиаки Сиракиге бұйырды (334 келі).

Айта кетер жайт, Сето ішкі аралында өткізілген 34-ші шараның қатысушылары COVID-19 пандемиясына байланысты бұл жолы асқабақтарды байқауға әкелмей, олардың бейнежазбаларын ұсынған.


Басты сөздер: Әлем, Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай