Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Моңғолия үкіметі «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауын өзгертті

2020 жылдың 6 шілде 2020 11:41

ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ – ҚазАқпарат – Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы ресми түрде «Буянт-Ухаа» болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат montsame агенттігіне сілтеме жасап.

«Үкіметтің 2019 жылдың 18 желтоқсанындағы №455 қаулысына сәйкес, ел астанасындағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайы 1 шілдеден ресми түрде «Буянт-Ухаа» әуежайы болып аталады», - делінген ақпаратта.

«Буянт-Ухаа» әуежайы халықаралық және өңірлік рейстер үшін резервті әуежай ретінде қолданылады. Сондай-ақ авиациялық дайындық және білім беру, чартерлік рейстер, авиалайнерлерге қызмет көрсету және азаматтық авиацияның өзге де қызметтері үшін пайдаланылатын болады.

«Хушиг алқабында жаңа әуежай ресми іске қосылғанға дейін «Буянт-Ухаа» өз қызметін қалыпты режимде атқара беретін болады. Қазіргі уақытта МИАТ ұлттық әуе тасымалдаушысы «Буянт-Ухаамен» шет мемлекеттерден азаматтарды қайтару бойынша чартерлік рейстер атқаруда. Ал Хунну эйр, Аэромоңғолия авиакомпаниялары кесте бойынша бағыттарды орындауда», - деп жазады агенттік.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай