Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Моңғолияда карантин 15 шілдеге дейін созылды

2020 жылдың 1 шілде 2020 10:01

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияда карантин шаралары 15 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame агенттігіне сілтеме жасап.

Елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін кеше, 30 маусымда Мемлекеттік төтенше жағдай комиссиясы карантин мерзімін 15 шілдеге дейін ұзарту жөніндек шешім қабылдады.

Ұланбатыр қаласы әкімінің орынбасары Ж. Батбаясгаланның айтуынша, қалада көпшілік іс-шараларды, демонстрация өткізуге тыйым салынған. Бар, ойын-сауық мекемелері мен ойын алаңдарының жұмысы тоқтап тұр.

Ал балалардың ойын орталықтары мен кинотеатрлар ерекше талаптарды сақтай отырып қана қызмет көрсетеді.


Жоғары қарай