Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Моңғолияда коронавирусns4 антирекорды тіркелді

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 07:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналға сілтеме жасай отырып, әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуалға шолу жасайды.

Сан-Маринода вакцинация нәтижелері бойынша «Спутник V» тиімділігі 95% құрады. Сан-Марино «Спутник V» вакцинасын ұлттық портфельге енгізу арқылы коронавирусты жеңіп, шектеулерді алып тастаған алғашқы Еуропа мемлекеті болды. Елдің ересек халқының 70%-дан астамы ресейлік препаратпен егілді.
Ғалымдар коронавирустың мутация жылдамдығының жоғарылағанын тіркеді. Зерттеу мақаласы Genome Biology and Evolution ғылыми журналында жарияланды. Жаңа зерттеу нәтижелері COVID-19 таралу жылдамдығын бағалауға, сондай-ақ вакциналардың әсерін болдырмау үшін патоген қолданатын механизмді түсінуге көмектеседі.

Моңғолияда
коронавируспен ауыратын науқастардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді -3 805 жағдай анықталды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, тамыздың соңында әлемде коронавирустың таралу қарқыны үш айлық жоғары деңгейге келді, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда пандемия кезінде ауру тіркелімдері рекордтық көрсеткіштерге жетті.


Жоғары қарай