Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Моңғолияда тас және қола дәуірінің жәдігерлері табылды

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 16:49

ҰЛАН-БАТЫР. МОНЦАМЭ. ҚазАқпарат - Былтыр көктемде Дорнод аймағындағы Цагаан-Овоо сомонының тұрғындары өздері тұратын жерде жәдігерлердің бар екендігін мәлімдеген болатын. Осыған орай Дорнод аймағы әкімшілігінің қолдауымен арнайы зерттеу тобы құрылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше, 13 қаңтарда зерттеу тобы үлкен тарихи және мәдени мәні бар табылған олжа туралы толық ақпаратты ұсынды.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Цагаан-Овоо сомонында 700-ден астам жәдігер табылған, соның ішінде сүйектен жасалған моншақ, қола пышақтар, монеталар, күйіктас бөлшектері, жебенің қола айылбастары, балта, темір пышақтар, жебе ұштары, шегелер, металл контейнерлердің қалдықтары және темір қож бар.

Зерттеушілер табылған жәдігерлердің тас ғасыр кезеңін, ерте темір ғасыр, қола ғасыр, Хунну империясы ғасырын және орта ғасырды қамтып отырғанын айтады. Сондай-ақ, табылған заттар бұл жерде бұрын өз кәсіптерімен айналысқан адамдар мекендегенін және олардың көрші аймақ тұрғындарымен кеңінен байланыс орнатқанын растап отыр.














Басты сөздер: Ғылым, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай