Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мұғалімдерге сабақтан тыс спорт жаттығуын жүргізгені үшін қосымша ақы төленеді

2020 жылдың 5 маусым 2020 15:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс спорт жаттығуын жүргізгені үшін қосымша ақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорт саласындағы жаттықтырушы-оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернат-колледжі мен спорт колледжі тәрбиешілерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының (17 697 теңге) 100% мөлшерінде қосымша ақы беріледі», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша спортшылардың допингіге қарсы зертханасының, Ұлттық допингіге қарсы орталықтың қызметкерлеріне, дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының, Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгіленген. Осылайша, олардың жалақысы 2 есе артқан.

«Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері біз үшін әрқашан да өзекті. Осыған байланысты сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуды, жұмысының ерекшелігі бар мамандар үшін төлем мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл мамандықтың беделін арттрыып ғана қоймай мультипликативті әсер береді», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Жоғары қарай