Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

2020 жылдың 25 қараша 2020 18:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, «БТА Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд теңгесі қосымша өтелді.

Бұл – Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әбілязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА банкінің қаражаты болып табылады.

Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда», - делінген агенттік ақпаратында.


Жоғары қарай