
Қазақстанның құрғақ саумалы мен шұбаты үлкен сұранысқа ие – Қытайлық БАҚ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай нарығында соңғы кездері Қазақстаннан құрғатылған ұнтақ ретінде келетін биенің саумалы мен түйе сүтіне қызығушылық арта түскен. Қытайдың бірқатар ақпарат құралдары осынау ұлттық сусын туралы арнайы мақала жариялады. «ҚазАқпарат» ХАА осы қытайлық БАҚ-та жарияланған мақалаларды оқырман назарына ұсынады.

Коронавирус: Бейжіңнің үш ауданы мен маңындағы қалаларда әскери жағдай енгізілді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 56 күн қатарынан коронавирус инфекциясы болмағаннан кейін, Қытай астанасы Бейжіңде кенеттен бірнеше жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат chinanews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 67-орын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан паспорты 2020 жылғы Henley Passport Index немесе саяхат үшін ыңғайлы төлқұжаттар рейтингінде 199 елдің арасында 67-орынға орналасты. Бұл туралы Henley & Partners консалтингтік компаниясы сейсенбі күні жариялаған мәліметте айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Тоқаевтың қытайшасы таңғалдырды: Қытай ақпарат құралдарына шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-12 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары өтті. Мемлекет басшысының Президент лауазымындағы жасаған Қытайға алғашқы сапары мазмұнға толы болды. Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуына орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ұйымдастырылған бұл сапардың барысы мен нәтижелері туралы Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары да кеңінен ақпарат таратты. «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Президентінің осы сапары туралы көрші елдің БАҚ-на шолу жасаған еді.

Қазақстандықтар ҚХР-дың Хайнань провинциясына визасыз кіре алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдің 1 мамырынан бастап, Қазақстан, Ресей , Ұлыбритания сынды 59 елдің азаматтары ҚХР- дің Хайнань провинциясына визасыз кіре алады. Бұл тұралы 18 сәуір Бейжіңде болған баспасөз конференциясында, Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай