Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Мұнай бағасы төмендеді

2020 жылдың 29 мамыр 2020 16:12

СИНГАПУР. ҚазАқпарат – Жұма күні АҚШ-та мұнай қоры туралы мәліметтер әлемдегі ірі мұнай тұтынушының сұранысы төмендегенін көрсеткеннен кейін баға төмендеді, ал Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленістің өршуі әлемдік қаржы нарығына қысым көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Investing.com-ға сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,99%-ға дейін – баррелі $34,94, WTI маркалы мұнай бағасы - 1,07%-ға баррелі $33,35 түсті.

Энергетикалық ақпарат басқармасының бейсенбі күнгі мәліметтері АҚШ-тағы мұнай қоры мен дистилляттарының өткен аптада бірден өскенін көрсетті. Кейбір штаттар коронавирус пандемиясына байланысты қозғалысқа шектеу қойса да сұраныс төмен болып отыр, деп хабарлады талдаушылар.

Сауд Арабиясы мен ОПЕК-ке мүше кейбір елдер мамыр және маусым айларында қолданыстағы мұнай өндіру квоталарын 2020 жылдың соңына дейін ұзарту мүмкіндігін талқылауда, алайда ОПЕК+ - Ресей пактісі бойынша серіктестен қолдау алған жоқ, деп хабарлады Рейтер ОПЕК+ дереккөздері.


Басты сөздер: Экономика, Әлем, Мұнай,
Жоғары қарай