Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мұнай бағасының төмендеуі – Қазақстанның бюджеті қайта қарала ма

2020 жылдың 12 маусым 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай бағасының төмендеп, теңгенің құлдырауына байланысты Қазақстанның бюджеті қайта қарала ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы нақтыланған бюджет сәуір айында қабылданды. Екі ай болды. Сондықтан республикалық бюджетті қайта қарау туралы өзекті мәселе тұрған жоқ. Бірақ біздің республикалық бюджетке түсетін жоспарлы қаражат орындалмай отыр. Әйтсе де қазіргі ахуалға, мұнай бағасына, сыртқы экономикалық және саяси ахуалға байланысты біз өзіміздің болжамдарымызды қайта қарастырамыз. Бірақ қазір бюджетті қайта қарайтындай ешқандай себеп жоқ», - деді министр.

Еске сала кетсек бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның ұлттық қорына былтыр 4,5 трлн теңге қосылғанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түскен.



Жоғары қарай