Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мұнай өңдеу зауыттары минималды жұмыс режиміне көшірілді

2020 жылдың 18 мамыр 2020 19:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары минималды технологиялық режимге көшірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мұнай өңдеу зауыттарын минималды технологиялық режимге көшірдік. Бұл шаралар жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға бағытталған. Осындай жағдай Ресей бойынша байқалып отыр. Карантин шараларының біртіндеп жеңілдетілуін ескере отырып, мұнай өнімдерін пайдалану бойынша алдағы уақытта оңтайлы қарқынды көретін боламыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол дизель отынын өткізуге қатысты жағдайға тоқталды.

«Қазіргі кезде дизель отыны бойынша ешқандай проблеманы көріп тұрғанымыз жоқ. Көктемгі егіс жұмыстарының арқасында жүк көліктеріне дизель отынының қажеттігі тиісті деңгейге көтерілді», - деді Әсет Мағауов.

Бұдан бұрын вице-министр елімізде бензинге сұраныс төмендегенін айтқан болатын.

«Көптеген елдерде індетке қарсы шараларды енгізуге қатысты жанар-жағармайды пайдалану көлемі төмендеді. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бензинді пайдалану көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91 пайызды құрады. Биылғы сәуір айында 222 мың тонна отын жағылды, бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 30 пайызға төмен (319,6 мың тонна)», - деді вице-министр.


Жоғары қарай