Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мұнай өңдеу зауыттары жұмыстарын тоқтатқан жоқ – Нұрлан Ноғаев

2020 жылдың 27 мамыр 2020 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда мұнай-газ саласында өнімін өткізе алмай жүрген компаниялар жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда мұнай-газ саласында өнімін өткізе алмай жүрген компаниялар жоқ. Барлығы мүмкіндіктері бойынша Атырау –Самара және Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры арқылы және теміржолмен басқа да тараптарға өткізіп жатыр. Ішкі нарықта мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу процестері де ұйымдастырылды. Біз мұнай өндіруші компаниялардың өнімдерін өткізу үшін Үкімет қабылдаған шешімдерге, яғни кедендік баж салығын алып тастау жөнінде, кедендік одақтың сыртында мұнай өнімдерін шығару жөніндегі мәселелерді тағы да әкімшілік қолдауларды, реттеулерді қабылдадық», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев

Оның айтуынша, пандемияға қарсы экономикалық белсенділік төмендеген кезде мұнай өнімдерін тұтыну көлемі де азайды.

«Қазіргі Үкімет қабылдаған шешімдерге сәйкес мұнай өңдеу зауыттары өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Павлодар мұнай өңдеу зауыты 8 маусымға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол біткеннен кейін тұрақты жұмысын атқаратын болады», - дейді ол.


Жоғары қарай