Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мұнайдың әлемдік бағасы 17 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке түсті

2020 жылдың 18 наурыз 2020 20:37

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні мұнай бағасы төмендеді, WTI америкалық мұнай маркасының фьючерстері 17 жылдағы ең төменгі көрсеткішке дейін түсті. Коронавирус салдарынан енгізілген қатаң оқшаулану мен сапарлауға шектеу қоюға байланысты отынға деген сұраныс нашарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.

WTI маркалы мұнай бағасы 84 центке немесе 3,12%-ға, яғни баррелі 26,11 долларға дейін төмендеді. Бұған дейін 2003 жылдың мамырынан бері алғаш рет баррелі 25,83 долларға түскен болатын.

Brent маркалы мұнай бағасы 37 центке немесе 1,29%-ға, баррелі 28,36 долларға арзандады. Бұған дейін бұл көрсеткіг 2016 жылдың басынан бері ең төменгі деңгейге – 28,05 долларға түскен еді.

Goldman Sachs сарапшылары екінші тоқсанда Brent маркалы мұнай бағасы бір баррелі 20 долларға дейін түсуі мүмкін деп отыр, Бұл 2002 жылдың басындағы ең төменгі көрсеткіш.


Басты сөздер: Мұнай,
Жоғары қарай