Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Мұрат Әбенов: Аймақ басшылары идеологиялық саланы ұмытпауы керек

2020 жылдың 17 ақпан 2020 14:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық кеңестің алты айлық жұмысы қорытындыланған жиында Ұлттық кеңес мүшесі Мұрат Әбенов өңірлердегі қоғам мен билік арасындағы диалогқа баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңестің ерекшелігі – қоғамды тыңдай білу, қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс бақылап, үнін естіп, соған қатысты шара қабылдау десек, орталық деңгейде бұл механизм жұмыс істеуді бастады. Ал бірақ өңірлік деңгейде қоғам мен биліктің ортасында дұрыс қарым-қатынас жоқ. Кеше ғана Жамбыл облысына барғанда байқағанымыз - жергілікті билік азаматтардың үнін әлі толық естіп отыр деп айта алмаймыз. Алдын ала әртүрлі сигналдар болғанымен, оған қатысты шара қабылдау мәселесі кешіктірілген», - деді Мұрат Әбенов Еуразиялық интеграция институтындағы «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу» атты сараптамалық баяндаманың таныстырылымында.

Оның айтуынша, өзіндік пікірін айта білетін азаматтар Ұлттық кеңеске кіріп, халықтың пікірін жеткізу арқылы билік тиісті шараларды қабылдап жатыр. Әйтсе де Ұлттық кеңес мүшесі дәл осы тенденцияны өңірлерге апару керек деп есептейді.

«Өңірлердегі жергілікті билік өкілдерінің жұмысы белсенді болмағаннан кейін әрине, проблема ушығып кетеді. Сол себепті Ұлттық кеңес жұмысының кейбір моделін ол жаққа барып отырыс өткізбей-ақ, жергілікті жерге бере білуі керек секілді. Мысалы қазір жергілікті әкімдердің осы уақытқа дейін әзірге идеологиялық жұмысқа араласпайтыны байқалады. Әкімдер көбінесе кәсіпкерлік немесе шаруашылық тұрғыда экономика жағын ойлайды. Ал саяси өзгерістерге дайын емес. Сондықтан кейбір оқыс оқиғалардың алдын алу, адамдарды бір-бірімен келістіру, халықтың алдына шығып ойын жеткізу проблемалары бар. Сол себепті, менің ойымша, өңірлерді басқаратын басшылар идеологиялық саланы ұмыт қалдырмауы керек», - дейді ол.


Жоғары қарай