Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Мұрат Төлтебаев: Ең бастысы - халықтың денсаулығы

2020 жылдың 24 наурыз 2020 16:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ең бастысы - халықтың денсаулығы. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мұрат Төлтебвае осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдай осы қиындықтан шығудың ең төте жолы деп түсінемін. Мемлекет басшысы күні кеше арнайы жиында мәлімдеме жасап, көптің көкейіндегі мәселелердің нүктесін қойды. Карантинге жабылған қалалардан жер-жерлерге ағылған халықтың арасында уақытша жұмысынан айырылған адамдарға жаңа жұмыс орындарын тауып, мемлекет қолдау көрсететіндігін жеткізді. Сонымен қатар, қарапайым халықтың берешектеріне уақытша тоқтам жасатып, халықтың әл-ауқатының нашарламауының алдын алды», - дейді мәслихат депутаты.

Оның айтуынша, ең алдымен халықтың саулығын қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шараларына мұқият болу керек.

«Президенттің бұл бастамалары осы қиын-қыстау кезеңде елді әбігерге түсірмеудің ең тиімді жолы деп түсіндік. Сондықтан, барлық шараларды сақтап, дүрбелең тудырмай, аса сақтықпен бұл қиындықты жеңуге атсалысуымыз керек», - деп атап өтті Мұрат Төлтебаев.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен еді. Онда Президент дәрігерлерге алғыс айтты.

«Сіздерге шынайы алғысымды айтамын. Үкімет пен әкімдерге қосымша қаржы тауып, коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарына тартылған дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өзге де мамандарға 1 айлық көлемінде сыйақы беруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.



Жоғары қарай