Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мың алғыс: Маңғыстауда аз қамтылған 1000 отбасына көмек көрсетілді

2021 жылдың 1 сәуір 2021 13:34

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елімізде де «30 игі іс» атауымен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Осы орайда Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен 1-31 наурыз аралығында аймақта «Мың алғыс» эстафетасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, игі шара аясында наурыз айының өзінде маңғыстаулық аз қамтылған 1000 отбасына көмек көрсетілді.

Акцияға мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер, меценаттар, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері атсалысты.

«Облыс басшысы Серікбай Трұмовтың тапсырмасына сәйкес тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары қашанда басты назарда. Игі шара қолдау тауып, бірнеше күннің ішінде көмекке мұқтаж жандарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлары берілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған шара жыл бойы жалғасын табады», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова.





Шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге көмек көрсетілді.

Әр себетте бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдері бар.

Мәселен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында - 400 отбасы, Бейнеу ауданында – 120 отбасы, Түпқараған, Қарақия және Маңғыстау аудандарында - 330 отбасы, Мұнайлы ауданында 150 отбасы азық-түлікпен қамтылды.


Жоғары қарай