Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Мың алғыс» жалпы республикалық акциясы өтті

2020 жылдың 31 шілде 2020 14:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні «Мың алғыс» жалпы республикалық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция барысында Ассамблея мүшелері қаламыздағы психо-неврологиялық науқас балаларға арналған әлеуметтік мекемеге барып, медицина қызметкерлері мен емделушілерге азық-түлік себеттерін және антисептикалық қажет заттар үлестірді.

Акция қасиетті Құрбан айт мерекесінде халықты қайырымдылыққа шақыруға, төтенше жағдай кезіндегі көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге бағытталған.

Сауапты істе атсалысқан этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мекеме қызметкерлері мен дімкәсі бар балаларға моральдық тұрғыда да қолдау көрсетті. Өз кезектерінде олар да алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Бұдан бөлек, Ассамблея құрылымдарының өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу жылы қарсаңында мектепке арналған құрал-жабдықтар да таратты.

«Рухани тазалық пен мейірімділіктің бастауы, елдің ынтымақ-бірлігін күшейтіп, қайырымдылық қасиеттерді, достық қарым-қатынастарды арттыратын, бауырластық пен қамқорлық танытуға үндейтін Құрбан айт мейрамында жасалған осынау игі шара еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі нағыз жанашырлықтың үлгісі деп білеміз» ,-дейді Аналар кеңесінің төрағасы Жанар Кенжеғалиева

Қайырымдылық – бұл Ассамблеяның негізгі бағыты. Осы орайда мұқтаж жандарға көмек қолын алғашқы болып созатын облыстық Ассамблеяның қайырымгерлері үш мыңнан астам адамға 10 млн. теңге көлемінде көмек көрсеткенін атап кетейік.











Жоғары қарай