Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Мың алғыс» жалпыреспубликалық акциясы Созақта жалғасты

2020 жылдың 1 тамыз 2020 12:42

СОЗАҚ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Мың алғыс» акциясы Созақ ауданында өз жалғасын тапты. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметінен хабарлады.

Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков бастаған топ аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде өз отбасынан, балаларынан алыстап, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер елімізге пандемия басталғалы бері күн-түн демей арпалысып, отбасыларыңыздан жырақта білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсап, бастарыңызды қауіп-қатерге тігіп аянбай еңбек етіп жатырсыздар. Сіздерге осынау еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз» деп ақжарма тілегін жеткізді. Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукент кенті емханасының меңгерушісі Алма Мейрамбекқызы Құрманбекованың өңірлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалін тақты.

Акцияға Созақ ауданы әкімдігі мен Жастар Ресурстық Орталығы қызметкерлері, Jas Otan жастар қанатының мүшелері, Value волонтерлар ұйымы белсене атсалысты.











Жоғары қарай