Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мыңнан астам жұмыс орнын ашқан кәсіпкер «100 жаңа есім» қатарын толықтырды

2021 жылдың 30 сәуір 2021 21:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астық нарығында табысқа жеткен белгілі кәсіпкер Таир Баталов «Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1997 жылы әлемдік нарыққа астық шығаратын Raimbek-Grain компаниясын құрған кәсіпкерді отандық бизнестің «алғашқы қарлығаштарының» бірі деуге болады. Қажырлы еңбектің арқасында екі жылдың ішінде оның компаниясы әлемдік астық нарығының 80% айналымын реттейтін GAFTA-ға мүше болады. Бизнесінің тасы өрге домалап, қанаты қатайған соң Тари Баталов ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытуға күш салды. Осылайша жаңа өндіріс орындарын құрды.

Сол кездегі шағын компания бүгінде ASTAGRA дейтін ірі холдингке айналды. Оның құрамына жылдық айналымы шамамен бір жарым миллион тонна астықты қамтитын 12 элеватор, астық тасымалдауға арналған 500-ден астам жабық вагоны бар теміржол паркі және өсімдік майы мен өсімдіктің өзін тасымалдауға арналған цистерналар кіреді.

ASTAGRA ұсынатын жарма өнімдері Barilla, De Cecco және MAKFA сияқты әлемдегі ең ірі өндірушілерге сатылады. Соның арқасында 1000-нан астам жұмыс орны құрылды.

«Жақын арада макарон фабрикасы мен өнімді жөнелтуге арналған контейнерлік құрғақ порт пайдалануға беріледі. ASTAGRA компаниялар тобы қатты бидай, арпа, зығыр тұқымдары, өңделген өнімдерді экспорттайтын жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Жыл сайын 60-тан астам кемені жалдай отырып, бірінші деңгейлі маркшейдерлік компаниялармен және ірі кеме иелерімен ынтымақтастық орнаттық», - дейді кәсіпкердің өзі.

Табысты кәсіпкер отбасына да тиісті уақыт бөлуді әдетке айналдырғанын айтады. Үш баланың тәрбиесіне және өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөледтін көрінеді. Ағылшын тілін жетік меңгеруі соныңн дәлелі десек те болады. Тайир Баталов жылдар бойы табысты кәсіп жүргізуіне сауда мен ауылшаруашылығындағы жаңа тенденцияларды зерттеп, холдингтің жоспарын сол өзгерістерге бейімдей білуімен байланыстырады.



Фото: margin.kz


Жоғары қарай