Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мырзағали Айтжанов: Франциялық боксшы Сәкеннің басты қарсыластарының бірі еді

2021 жылдың 31 шілде 2021 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов шәкіртінің 1/8 айналымдағы көрсеткішіне баға берді, деп жазады Olympic.kz.

«Бүгінгі қарсылас оңай емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Францияның үміт артып отырған боксшыларының бірі. Сол себепті, екі-үш күн бойы тактикалық жағынан дайындалдық. Берілген тапсырманың барлығын орындап шықты.

Қарсыласы Сәкенге қарағанда салмақты көп қуатын жігіт. Оны байқап жүрміз. Сондықтан, біз жылдамдықты үдетіп, соған жұмыс істедік. Бұл тұрғыдан біздің жоспарымыз орындалып, төрешілер шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жеттік.

Испаниялық боксшыны көріп жүрміз. Ендігі кездесуде жақсылап тыңғылықты дайындалып шығамыз. Басты қарсыластардың бірі болады деп осы французды күткенбіз. Жеңіспен аяқтадық», - дейді Айтжанов.

Басты сөздер: Бокс, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай