Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, РФ және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежайға келген 1 169 жолаушының 960-ында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар болған. Анықтамасы жоқ 209 адам келді, олардың барлығы – ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 762 жолаушы келді (анықтамасы бар - 616, анықтамасы жоқ – 146).

- Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс, 285 жолаушы (анықтамамен – 234, анықтамасыз – 51), - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 122 жолаушы (анықтамамен - 110, анықтамасыз – 12) келген.

«Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға жіберілді және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест жүргізілді. ПТР-талдау нәтижесі бойынша Мысырдан ұшып келген бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.

Одан басқа, Минскіден әуе рейсімен келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары мерзімі өткен ПТР-анықтамаларды ұсынғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан кері қайтарылды», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай