Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак өмірден озды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 18:48

КАИР. ҚазАқпарат – Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак Каирде 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат египеттік MENA агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы күндері Мүбарак асқазан-ішек жолына ота жасатып, Каирдегі емханалардың бірінде жатқан болатын.

Экс-президент Хосни Мүбарак 1981 жылдан бастап 2011 жылға дейін лауазымды қызметтерді атқарды. 2011 жылдың ақпанында қарсылық шаралары көбейгендіктен Мүбарак қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін қамауға алынды.

Бірнеше жылдан кейін Мүбаракты жоғары сот ақтап, 2017 жылы түрмеден шығарылды. Босатылғаннан кейін бұрынғы президент оқшау өмір сүрді, БАҚ-мен араласқан жоқ.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай