Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нью-Йоркте атыс болып, 10 адам көз жұмды

2022 жылдың 15 мамыр 2022 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы супермаркетте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер мұны нәсілдік өшпенділіктен туындаған қылмыс деп санап отыр. Оқиға орнында ұсталған 18 жастағы жігіт қамауға алынды. Полиция оның аты-жөнін әлі жарияламады.

Күдікті сенбі күні түскі уақытта адам көп жүретін супермаркетке кіріп, оқ жаудырған. Полицияның мәліметінше, ол шабуылды желіде көрсету үшін камераны пайдаланған. Ер адам қаланың негізінен қара нәсілділер тұратын аймағына жету үшін бірнеше сағат жол жүрген деп болжанып отыр.
Буффало полициясының комиссары Джозеф Грамалья қаза тапқандардардың көпшілігі афро-американдықтар екенін айтты. Одан басқа, супермаркеттің үш қызметкері оқ жарақатын алған. Дүкенде жұмыс істейтін зейнеткер полицей шабуылдаушыны тоқтатпақ болған кезде оқ тиген.


Басты сөздер: Әлем, АҚШ,
Жоғары қарай