Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нью-Йоркте өтетін қазақстандық боксшының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

2021 жылдың 22 сәуір 2021 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 сәуірден 23 сәуірге қараған түні қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) «Найзағай» деген лақап аты бар мексикалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кешінің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен 04:30-да басталады және мына жерден көруге болады.

Момынов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді. Ол кезде судьялардың көпшілігінің шешімімен ресейлік Вагинак Тамразянды жеңген болатын (17-8, 5 КО). Руиске келетін болсақ, ол 2019 жылдың қазан айынан бастап рингке шықпады. Сол жылы ол профиде бірінші рет жеңіліске ұшырады: екінші раундта Пуэрто-Рико боксшысы Хавьер Флорес (15-3, 13 КО) нокаутқа түсірген еді.

Анхель Руистің әйгілі тәлімгер Мэнни Роблестің басшылығымен жаттығатынын айта кеткен жөн. Тәлімгер бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энди Руиспен бірге жұмыс істеген.

Еске салсақ, Бобыржан Момыновтың қарсыласы өзгерген болатын.



Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай