Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нью-Йоркте жұмадан бастап Covid-19 вакцинасын алғандарға 100 доллардан төленбек

2021 жылдың 29 шілде 2021 02:29

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йорк билігі Covid-19 вакцинасының алғашқы дозасын салдырған тұрғындарға 100 доллардан сыйақы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мэрияның Twitter-аккаунтына сілтеме жасап.

Аталмыш шара алдағы жұмада басталады. 100 доллар алу үшін алдымен City Run арнайы сайтына тіркеліп, содан кейін вакцинация салдыруы керек.

Сондай-ақ, Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио барлық қала қызметкерлерін вакцина егуге міндеттеді. Ал вакцинация жасамағандар ПТР тестінің нәтижелерін үнемі ұсынып отыруы тиіс.

Нью-Йорк мэрінің соңынан аттас штат басшысы да міндетті түрде екпе егу қажеттігін мәлімдеді .

«Нью-Йорк штаты барлық мемлекеттік қызметкерлерге вакцинация немесе тестілеуден өтуді талап етеді», - деп жазды Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо Twitter-де.

Мұнымен қатар шенеуніктердің АҚШ-та қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне дейін вакцина салдыруы тиіс екендігі айтылды.


Жоғары қарай