Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

NASA: Айдың күн жағында су бар

2020 жылдың 27 қазан 2020 09:38

ВАШИНГТОН. EURONEWS-ҚазАқпарат – Су Айдағы полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар табиғи серіктің күн сәулесімен жарықтандырылған жағында да бар. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны қолдану арқылы зерттеу кезінде ашылды. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды.

Осылайша, Айдың меңгеру бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселені шешуді жеңілдетеді, оны тіпті отын жасау үшін де қолдану ұсынылды. Алайда, NASA Астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, Жердің табиғи серігінен қанша су табуға болатыны және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.


Басты сөздер: Ғарыш, АҚШ,
Жоғары қарай