Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

NASA қазақстандықтарды ғарышқа алғашқы адамның ұшуының 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

2021 жылдың 12 сәуір 2021 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – NASA-ның 13-ші әкімшісі Джим Брайденстайн қазақстандықтарды ғарышқа алғашқы адамның ұшуының 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқын осындай маңызды тарихи күнмен құттықтаймын! Мен NASA әкімшісі Джим Брайденстайнмын. 60 жыл бұрын әлем Қазақстанда Байқоңырдан ғарышқа алғашқы адамның ұшуын бақылады. Соңғы 60 жылда көп нәрсе өзгерді. Бүгінгі күні біз Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) әлем бойынша барлық елдермен әріптеспіз. ХҒС-да барлығы Байқоңырдың адамдарды ғарышқа жіберудегі орны туралы біледі. Сол себепті біз Қазақстан халқына осындай маңызды миссияның бөлшегі болғаны үшін алғыс айтамыз, сонымен қатар тарихи күнмен құттықтаймыз», - делінген видеоқұттықтауда.



Басты сөздер: Ғарыш, Байқоңыр,
Жоғары қарай