Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Нәубет жылдары қазақ халқының жартысына жуығы қаза тапқанын дәлелдейтін ғылыми еңбек жоқ – депутат

2020 жылдың 29 мамыр 2020 13:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ халқына тән ашаршылықтың өз деңгейінде зерттелмей жатыр. Бұл туралы бүгін елордада өткен «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық online-конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 1997 жылдан бері біздің мемлекетімізде кешенді түрде жүзеге асырылып келе жатыр. Бүгінгі халықаралық конференцияға тек қана Қазақстан ғалымдары ғана емес, ТМД елдерінің және басқа да шетел ғалымдары қатысуда. Біз әрқашан тарихтан сабақ алуымыз керек. Тарихымыздың жақсы жақтарын ғана емес, көлеңкелі жақтарын да зерделей білсек – үлкен мақсаттарға жететін жолды ашамыз», - дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нүрлан Дулатбеков.

Оның айтуынша, мұндай конференция Семей, Шымкент, Маңғыстау, Қарағандыда өткен. Бүгінгі конференция соның қорытындысы деуге болады.

«Саяси репрессия осы уақытқа дейін зерттеліп келді, бірақ қазақ халқына тән ашаршылықтың өз деңгейінде зерттелмей жатқаны мені толғандырады. Сол нәубеттен қазақ халқының жартысына жуығы қаза табуы бәріміздің қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді ауыртады. Осыны дәлелдеп, баға беретін ғылыми еңбек, монография жаздық па? Осы бағытта көп жұмыс істеуіміз керек. Қазіргі пандемиия жағдайына қарамастан осы тақырыпты тағы бір елеп-екшеп, көрсетуіміз дұрыс болды деп ойлаймын», - дейді ол.


Жоғары қарай