Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу

2022 жылдың 22 наурыз 2022 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

НАУРЫЗ

21 наурыз

Павлодарда Естай Беркімбайұлының ескерткіш қойылды




25 наурыз

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы жұмысын бастады




29 наурыз

«Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты.




31 наурыз

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде «Түркістан декларациясы» қабылданды




СӘУІР

4 сәуір

Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа ескерткіш орнатылды







5 сәуір

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды




8 сәуір

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды




23 сәуір

Қазақстан мен Польша студенттері Абайға арнап мәдени фестиваль өткізді.




МАМЫР

1 мамыр

«Тұмар-2021» Ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды.




25 мамыр

Мемлекет басшысы Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуға қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді.




МАУСЫМ

1 маусым

Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалім Мерей Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.




21 маусым

2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді.




ШІЛДЕ

4 шілде

Елордада Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіш ашылды.




10 шілде

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы күрделі жағдайды дер кезніде реттей алмағаны үшін Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты отставкаға жіберді.




15 шілде

Маңғыстаудағы қуаңшылықтан жұтаған елге халықтан жиналған алғашқы көмек жеткізілді.







16 шілде

Қазақстан спортшылары пандемияға байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасына аттанды. (Жапиноия астасында өткен байрақты бәсеке тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең сәтсіз Олимпиада ойындары ретінде есте қалды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар бір де бір алтын медальге қол жеткізе алмады).




19 шілде

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауында бас жұлде жеңіп алды.




25 шілде

Елдің 14 облысында түрлі деңгейдегі 730 әкім тікелей сайланды.




ТАМЫЗ

17 тамыз

Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті Мун Чже Инге корей халқының ұлттық батыры Хон Бом Доның қабірінен алынған топырақты табыстады. Кореяның азаттығы үшін күрескен генерал Хон Бом До тағдырдың жазуымен өмірінің соңғы жылдарын қазақ жерінде өткізді.







17 тамыз

Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды.







26 тамыз

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды.




29 тамыз

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жаралыстан 10-нан астам адамның қайтыс болуына байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.




ҚЫРКҮЙЕК

1 қыркүйек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.







1 қыркүйек

Қазақстагда халық санағы басталды. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында Ұлттық санақтың онлайн кезеңі жүргізілді. Ұлттық санақтың оффлайн кезеңі 1-30 қазан аралығында өткізілді.




2 қыркүйек

Алматы мектептерінің бірінде бірінші «Ю» сыныбы ашылды.




6 қыркүйек

«Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі басталды







9 қыркүйек

Ауғанстандағы қандастардың алғашқы легі елге жеткізілді.







23 қыркүйек

Сенат Каспий теңізін қорғауға қатысты құжатты қабылдады




ҚАЗАН

1 қазан

Қарасазда Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын тойлау басталды







2 қазан

Қорғаныс министрінің директивасымен 5-ші механикаландырылған бригадаға Бауыржан Момышұлының есімі берілді.




7 қазан

Қырғызстанда «Abai Uii» мәдени-іскерлік орталығы ашылды




28 қазан

Атырау облысында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.







ҚАРАША

10 қараша

Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы әкелінді







14 қараша

Түркияның Ыстанбұл қаласында түркі елдерінің мемлекет басшыларының қатысуымен өткен саммит отырысы аяқталды. Оның нәтижесі бойынша «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» енді бұдан кейін «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталатын болды.







22 қараша

Қазақстанда халықты ревакцинациялау басталды.




ЖЕЛТОҚСАН

2 желтоқсан

Qazaqstan телеарнасы түсірген 6 тарихи сериал таныстырылды.




16 желтоқсан

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілді.




30 желтоқсан

Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионы атанды




2022 жыл

ҚАҢТАР

3 қаңтар

Маңғыстау облысында газ бағасының күрт көтерілуіне байланысты халық наразылығы басталды.




4 қаңтар

Маңғыстау облысында басталған митингтер елдің бірнеше өңіріне тарады.




5 қаңтар

Президент Жарлығымен елдің бүкіл аймағында 5-19 қаңтар аралығында Төтенше жағдай режимі енгізілді.




Президент Жарлығымен Үкімет таратылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын өз қолына алды.




6 қаңтар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестікке қарсы операцияның басталғанын мәлім етті.




8 қаңтар

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды.




10 қаңтар

10 қаңтар Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.




11 қаңтар

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды.




19 қаңтар

Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ әскері Қазақстан аумағынан толық кеткенін хабарлады.




АҚПАН

4 ақпан

Президент Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты.










25 ақпан

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.




25 ақпан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтіп, Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.







НАУРЫЗ

10 наурыз

Кезектен тыс съезде «Nur Otan» партиясының атауы «Амаnат» болып өзгерді.




16 наурыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елде ауқымды саяси реформалар жүргізілетінін, сонымен қатар елде жаңа үш облыс - Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын мәлімдеді.








Жоғары қарай