Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Науырзым ауданында бос тұрған ғимарат түрғын үйге айналмақ – Қостанай облысы

2020 жылдың 27 маусым 2020 21:59

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Науырзым ауданында 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы Науырзым ауданында жемісті жүзеге асып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Кәрбозовтың тұрғындарға есеп беру жиынында толығырақ айтылды. Мәселен, биыл аталмыш бағдарлама шеңберінде облыстық бюджеттен 107, 410 млн теңге сомасында құрылыс – монтаж жұмыстарына қаржы бөлінді. Мақсат – Қарамеңді ауылындағы 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту. Осылайша, аудан басшылығы Абай көшесіндегі бос тұрған ғимаратта тиімді мақсатқа пайдалануға шешім қабылдады. Жобалық-сметалық құжаттама «Алюминстрой» ЖШС-мен жасалды. Мұнда барлығы 3 бөлмелі 9 пәтер, 2 бөлмелі 8 пәтер және 1 бөлмелі 1 пәтер болады.

Аудан әкімі Талғат Кәрбозовтың хабарлауынша, жоба аясында 30 адам жұмысқа орналасқан. Осы және басқа да ілкімді жобалармен таяуда облыс басшысы Архимед Мұхамбетов танысқан еді.

«Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы жұмыс сапарымен Науырзым ауданына келді. Облыс басшысы іс-сапары барысында ауданымызда бой көтеріп жатқан бірқатар нысандарды аралап, жұмыс жағдайымен танысты. Алдымен облыстық маңызы бар «Докучаевка-Раздольный-Аралкөл» автомобиль жолының 23-34 шақырым орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Қарамеңді ауылында жылу қазандығының құрылысы басталды. Жаңа жылу трассасына әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар, тұрғын үйлер мен бизнес нысандары қосылады», - деді аудан әкімі.

Сонымен, Абай көшесінде 18 пәтерлі тұрғын үй 2020 жылғы 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі. Жоба бойынша тұрғын үйде сыртқы-ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, терезелер мен есіктері, ішкі және сыртқы инженерлік комуникациялары ауыстырылады. Аудан басшысы айтқандай, бұл жобаны іске асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге болады. Тиісінше, ауданға жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай