Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Найзағай, бұршақ, жел – сейсенбіге арналған ауа райы

2021 жылдың 20 шілде 2021 00:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 шілдеде циклонның ықпалында болуы байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таңға жақын тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 18 м/с дейін соғады, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай