Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Несие кешірілмейді: Қаржы нарығын реттеу агенттігі жалған ақпаратқа түсінік берді

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жанболат Мамай таратып жатқан дәйексіз ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Жанболат Мамай әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарыздардың барлық түрлері бойынша «кредиттік рақымшылық» жарияланыпты-мыс деген дәйексіз ақпарат таратуды жалғастырып жатыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ж. Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екендігін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру үшін азаматтарды адастыратынын мәлімдейді.

Агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатқанын хабарлайды.

Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде , оның нәтижелері бойынша банктер қарыз алушыға қажетті қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.

Сондықтан кредиттік рақымшылықты жүргізу заңнамалық түрде көзделмеген , Агенттікте халықтың кредиттер бойынша берешегін есептен шығару бойынша шешім қабылдау өкілеттіктері жоқ.

Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін ағымдағы жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілгенін хабарлаймыз. Кредиттер бойынша мерзімін өткізу туындаған жағдайда, қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары мен нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты агенттіктің ресми сайтынан алуға болады.


Жоғары қарай