Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нидерланды коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттырып жатыр

2021 жылдың 23 мамыр 2021 17:08

ГААГА. ҚазАқпарат – Нидерланды коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Нидерландының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елде 8 миллионнан астам вакцина салынды. Олардың 5,5 млн дозасы жергілікті вакциналау орталықтарында жасалды.

Тек өткен аптаның өзінде халыққа 1 миллионға жуық доза салынды. Қазіргі уақытта бір аптада бұл сан 2 миллионға дейін артуы тиіс.

Бұл кезеңде вакцинация орталықтарына 53-54 жастағы тұрғындар шақырылады. Осы жас санатына 507 мың адам кіреді, олардың 425 мыңға жуығына вакцина әлі егілмеген.

Жалпы, Нидерландыда коронавирус жұқтырғандар статистикасы төмендеуде: 21 мамырда күніне 4219 жаңа КВИ жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 433-ке аз.

Осылайша, өткен аптада ауруға шалдығушылардың орташа саны алдыңғы жеті күндік кезеңдегі салыстырғанда тәулігіне 4367-ге дейін төмендеген. Өткен аптада бұл көрсеткіш 6202 болған.


Жоғары қарай