Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нигерде қарулы топ туристерді өлтіріп кетті

2020 жылдың 10 тамыз 2020 07:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нигер елінің оңтүстік-батысында 8 адам қарулы шабуылдың құрбаны болды. Қаза тапқандар арасында алты француз турист және жергілікті гид пен жүргізуші бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроньюске ілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша мотоциклге мінген қарулы адамдар машинаны қоршап алып, оқ атқан.

Оқиға Нигер, Мали, Буркина-Фасо секілді үш елдің шекарасы түйісетін аумақта, Куре қорығында болған.

Қорықта керік өте көп, туристер соған қызығады. Алайда үш жыл бұрын онда «Боко харам» мен «Ислам мемлекеті» секілді қарулы топтардың белсенділігіне байланысты төтенше жағдай жарияланған.


Фото/ BBC



Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай