Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 20:35

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - 26 ақпанда Нигерияның солтүстігінде ұрланған 317 мектеп оқушысы бүгін, жексенбіде босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат нигериялық Vanguard газетіне сілтеме жасап.

Қыздар қазіргі уақытта жолда, Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусау қаласына бара жатыр, деп атап өткен басылым. Олар үшін төлем төленгені немесе төленбегендігі туралы деректер жоқ.

Оқушыларды Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мемлекеттік орта мектеп - интернаттан ұрлап әкеткен. Федералдық қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері мен полиция соңғы үш күн бойы тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар штаттың билік органдары қыздарды құтқару мақсатында жергілікті қауым өкілдерімен келіссөздер жүргізіп отырған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай