Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нигерияда мектеп ғимараты опырылып, жүзден астам адам астында қалды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 18:58

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның Лагос қаласында үш қабатты мектеп ғимараты опырылып, жүзден астам адам астында қалды, деп хабарлайды Guardian Nigeria басылымы.

Газет дерегіне сәйкес, бірнеше оқушы жергілікті ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Лагос штатының билігі құтқару операциясының басталғанын хабарлады.

«Лагос штаты құтқару қызметі Лагос Айлендтегі Лафиаджзи ауданында қираған ғимаратта құтқару операциясын жүргізіп жатыр», - делінген штат үкіметінің Twitter-дегі парақшасында.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай