Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нигерияда содырлар тоғыз адамды атып кетті

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 23:16

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Нигерияның орталығындағы мешітте содырлар кем дегенде тоғыз адамды өлтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нигер мемлекеттік полициясының өкілі Балу Курьясаның айтуынша, 8 желтоқсанда бір топ қарулы адам Баре ауылына шабуыл жасаған. «Содырлар мешітке оқ жаудырып, тоғыз адамды өлтіріп, тағы бірнеше адамды жаралады», - деді Куряса.Сонымен бірге, AFP агенттігінің жергілікті тұрғын Амаду Хамисудың сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ауылда 16 адам қаза тапқан.

Аймаққа қосымша полиция күштері жұмылдырылды, содырларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге болған оқиғаға жауапкершілікті ешкім алған жоқ.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай