Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Нижат Рахимов халықаралық турнирде алтын медаль алды

2019 жылдың 3 қараша 2019 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Беларусьте өтіп жатқан «Alexander Cup» халықаралық турнирінде Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов «алтын» алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь Республикасының Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтіп жатқан жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады. Оған 300-ге жуық спортшы қатысуда.

«Бүгін 81 кг дейінгі салмақта жарысқа шыққан Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына екінші «алтынды» салды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Қос сайыс нәтижесінде ол 344 келіні (151+193) бағындырды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бірінші алтын медальді Екатерина Быкова жеңіп алған еді.

Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстан намысын қорғауға келесі атлеттер аттанғанын жазған болатынбыз:

Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде,

Денис Уланов - 81 келіге дейін,

Игорь Сон - 55 келіге дейін,

Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейін,

Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ санатында.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай