Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Норвегияда қаскүнем 4 адамды садақпен өлтірді – БАҚ

2021 жылдың 14 қазан 2021 11:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегияның оңтүстігіндегі Конгсберг қаласында болған оқиғадан кемінде 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция өкілі Эйвинд Ос баспасөз конференциясында зардап шеккендер мен қаза болғандардың нақты санын айтпады. Алайда жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кем дегенде төрт адам көз жұмған.
Қаскүнем көшеде кетіп бара жатқан адамдарға садақтан оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары оны ұстады.
Құқық қорғау органдары бұл шабуылдың лаңкестік акті болғанын жоққа шығармайды.
Конгсберг – 30 мың тұрғыны бар қала.

Еске салсақ, оқиға кеше кешкі алтыдан кейін басталған. Мерген өз құрбандарына бірнеше жерде, соның ішінде супермаркетте шабуылдаған. БАҚ хабарлауынша, ер адам өзімен бірге басқа қару да ұстап жүрген.



Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай